Бағалау

Бағалау

Бағалау

Бұл спектр күрделі міндеттерді жүзеге асыру үшін ішкі ресурстарын іздеуге бағытталған компанияларға арналған. Кім өзін және өз тобын терең түсінгісі келетіндерге: мүмкіндіктер, түрткілері, даму салалары.

Компанияның жеке немесе топтық бағалауы дарындарды басқарудың кез келген кезеңінде өзекті. Ғылыми негізделген, валидтік, сенімді әдістемелер өзгертулердің ең үздік сценарийін таңдау үшін маңызды ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Әлемдік зерттеулерге сәйкес, сапалары профильде және сәттілік критерийлерінде көрінетін қасиеттер мен мотивтерге мүмкіндігінше жақын басшылар өз жұмыстарына интеллектуалды және эмоционалды түрде 13 есе көп қатысады..

WE Partners кеңесшілері компаниялардың басты тұлғаларымен тікелей өзара әрекет етеді — біз өзектілікті, контексті, басымдықтарын түсінеміз. Бұл сенімнің жоғары дәрежесі бағалаудың құралдары мен әдістемелерін таңдауда нақтылы болуға, жеке де, топтық да деңгейде жан-жақты, дамытушы бағдарламаларын ұсынуға мүмкіндік береді.

Бизнес үшін маңызды ұстанымдарына ішік және сыртқы үміткерлерге қатысты немесе мирасқорды таңдауда сараланған шешім қабылдауға, сонымен қатар тәуекелдер және басшының жаңа лауазымға кірісудегі мүмкін күрделіліктерді бағалауға көмектеседі. Әлеуеті және құзіреттіліктерін бағалау да, басшының жауапкершіліктің жаңа деңгейіне дайындаудың фокустық бағдарламасын құруға және көшбасшының қызметінің тиімділігін арттыру үшін компанияның ресурстарын қалай қолдануға болатынын белгілеуге мүмкіндік береді.

Біз табысты болмайтын адамдар жоқ, лайықсыз контексте (орында, рөлде, лауазымда, мәдениетте) болатын адамдар бар екеніне сенеміз. Бағалау – бұл жолдың басы, оның артынан даму келеді – күрделі және сан қырлы үдеріс, соны біз қолдауға дайынбыз.

Іріктеу мақсаттары үшін бағалау

Үміткердің көшбасшылық әлеуетінің жауапкершіліктің жаңа деңгейіне және іскерлік ортасының қатерлеріне сәйкестілігін тексереміз, оның күшті жақтары даму салаларымен және жаңа лауазымның тәукел аймақтарымен арақатынаста бола алатынын анықтаймыз.

Даму мақсаттарына бағалау

Ресурстарды және басшының әрі қарай дамуының шектеуліктерін айқындаймыз. Жүйелі түрде жеке құзыреттіліктерді, маңсап уәжділігін, шешімдерді қабылдау стилін, көшбасшылығын және топтағы мінез-құлығын дамудың теңдестірілген жоспарын жасау үшін бағалаймыз.

Әлеуетін бағалаймыз – жаңа және күрделі міндеттерді басқаруға дайындығы, сонымен қатар болжау және терең сұхбаттың көпфакторлы модельдері негізінде көшбасшылық рөліне дайындығы.

Келіспеушіліктер, стратегиялық келісудің жоқтығы, құрылымда және басқарудағы қателіктер көшбасшылар командасының тиімділігінің және ұйым өркендеуінің тәукелдеріне айналады. Тіпті тиімсіз командасында жұмыс атқарып жүрген мықты көшбасшылардың табыстылығы аздау болуы мүмкін.

Біз директорлар Кеңестеріне, Басқару мүшелеріне және компаниялардың жоғары менеджментіне жеке және команданың үйлесімдігіне және оның жұмысының тиімділігіне әсер ететін ұйымдастыру факторларын анықтау арқылы көрнекті нәтижелерге жетуіне көмектесеміз. Команда әлеуетінің сенімді құралдары стратегиялық мақсаттырына жетуді болжауға мүмкіндік береді.

Қажетті командалық рөлдерінің болуы

Профильді жобалаймыз және командалық құзыреттіліктерінің деңгейін бағалаймыз. Даму жоспарларын, жеке және командалық ұсыныстарды жасаймыз.

Тиімді команданы құру

Команданың жетілуі мен тұтас нәтижесінің жеке және жалпы көрінісін қалыптастыру үшін контекстінің ерекшеліктерін анықтаймыз.

Экономикалық қатерлер және өзгерістердің жылдамдығы Директорлар Кеңесінің рөлін жауакершілііктің жаңа деңгейіне шығарады. Төрағаның көшбасшылық әлеуеті, оның тәжірибесі және командамен жұмыс істеуді білуі ғана емес, дегенмен Кенестің барлық мүшелерінің өзара арақатынастығы тиімділігі маңызды болады. Кеңестің әрбір мүшесі және жалпы командада қажетті құзыреттіліктердің болуы, күн тәртібін сауатты белгілеу қабілеті және барлық мүдделі тараптарымен қарым-қатынастарын құру бар ұйым жұмысының тиімділігін және жағдайын анықтайды.

WE Partners іздестіру арналары және бағалау құралдарының кең спектрін іске қосады, ұсыныстардың талдауына сындарлы қарайды және Директорлар Кеңесіне үміткерді лауазымға кіруде қолдау көрсетеді.

Дарья Кардымон
Серіктес, FMCG, Oil and Gas &TelCo
kardymon@wepartners.kz

Кеңес алыңыз
Сіздің атыңыз
Электронды пошта
Сіздің хабарламаңыз
«Жіберу» батырмасын баса отырып,
сіз Жеке мәліметтерді өңдеу саясатымен келісесіз