Даму

Даму

Даму

Бірге жиналу — әлі бірігуді көрсетпейді. Компанияның ұйымдастырушылық дамуының мақсаты оның бәсекеге қабілеттілігі болып табылады. Оған әр қатысушының үйлесімді жұмысының нәтижесінде ғана қол жеткізуге болады, және осы жағдайда белгілі бір ұйым топқа айналады.

Біздің ұйымды дамытуға негізделген тәсіліміз әрекетке бағытталған. Біз барлық қызметкерлердің мүмкіндіктері тиімді пайдаланылатын және өзара әрекеттесу энергиясы жоғары деңгейде сақталатын атмосфераны құруға көмектесеміз.

Ұйымның бірінші тұлғаларымен және көрнекті басқару топтарының мүшелерімен өзара әрекеттесу тәжірибеміз мол болғандықтан, біз олардың міндеттерінің мәнмәтінін, биліктің және оған қатысты әрбір басшы сезінетін жауапкершіліктің күрделігін түсінеміз.

Біз әр ұйымның ерекшелігін бағалаймыз, сонымен бірге әр түрлі компаниялардың тәжірибесін жинақтап, салыстыра аламыз.

Біз жеке тиімділікті арттыруға, даму мақсаттары мен жолдарын анықтауға және көшбасшының ішкі ресурстарын ашуға тәжірибелі сертификатталған коучпен өзара құрылымдық әрекеттесу арқылы көмектесеміз.

Біз топ-командаларға ашық пікірталастар мен сындарлы қақтығыстар процесінде ортақ мақсатты тұжырымдауға, оларды келісілген шешудің принциптері мен тәсілдерін жасауға көмектесеміз.

Ұйымды табысты басқару ең алдымен оның адами капиталын басқаруды білдіреді және жүйелі тәсіл негізінде, даму мен бағалаудың ғылыми әдістемелері, негізгі бизнес-көрсеткіштермен тығыз байланысты құрылады.

Сенімді басқару, инвестицияларды жоспарлау, өсу және қысқарту үшін ұйымның басқару капиталының жағдайын және ұйымдағы бар болған және қажетті дарындарды сипаттаудың анық тілінің қалпын айқын түсіну керек.

Сабақтастықтың жүйесін дамыту үшін, кадрлық резервін құру үшін, терең өзгерістерді өткізуде ең артық ақпараттық құралдармен қолдануға көмектесеміз.

Лауазымдардың, ұйымдардың құзыреттіліктердің кітапханалары негізінде қысқа мерзімді топтық сессия форматында болашақ мақсаттарына жету үшін басқару деңгейлерінің және атқарымдарының профилін жасаймыз.

Ұйымның сыртқы және ішкі ортасында өзгерістер және трансформациялар үнемі оның дамуының негізгі параметрлерінің – миссияны тұжырымдау және дамудың көрінісі, корпоративті мәдениеттің негіздерін және стратегиялық шешімдерді қабылдау тәсәлін анықтау – жаңартылуын талап етеді. Бұл ережелер басқарушы команданың және ұйымның барлық деңгейлерінің келісімді жұмысының негізі болып табылады. Алайда ең алдымен негізгі даму параметрлері топ –команданың барлық мүшелерімен келістірілген және қабылдануға міндетті. Шын мәнінде, бизнестің тиімділігі басқарушы команданың келісуіне және негізгі бизнес-шешімдерді әзірлеуіне тәуелді болады.

Коуч-фасилитатор басқарушы команданың мүшелеріне, директорлар Кеңесіне келісімді позицияны және бизнес-стратегия мен корпоративті мәдениетке қарасты шешімді қабылдауға көмектеседі.

Сергей Кордашенко
Басқарушы серіктес, WE Partners Kazakhstan кеңсесінің басшысы
kordashenko@wepartners.kz

Кеңес алыңыз
Сіздің атыңыз
Электронды пошта
Сіздің хабарламаңыз
«Жіберу» батырмасын баса отырып,
сіз Жеке мәліметтерді өңдеу саясатымен келісесіз