Жаңалықтар

16.04.20 Клиенттер
Карантин: компанияның бейімделуі

Қазақстанда карантин енгізілгеннен кейінгі фармацевтикалық компаниялардың және ритейлерлердің алғашқы қадамдары.

Фармацевтикалық компаниялар өз орындарында тұра алды және бастапқы стратегия бойынша жұмысын жалғастырды. Наурыз айындағы сатылымдар 5%-10%-ға өсті, алайда сәуір мен мамыр айларында сатылым деңгейі азайды. Тағайындаусыз берілетін дәрі-дәрмектердің көптеп сұраныста болуынан ғаламтор желісінде жарнаманың рөлі мен шынайылығы артты.

Бөлшек сауда жаңа қызметкерлерді жедел түрде жалдай бастады, себебі көптеген адамдар қаладын тыс жерде қалды, яғни оларға қалаға кіру құқығы берілмеді. Жұртшылықпен байланыс бөлімдерінің белсенділігі артты, өйткені тұтынушылардың арыздары мен өтініштерін тез арада өңдеу қажеттілігі туындады.

Азық-түлік емес ритейл стандартты емес шешімдерге дайындығын көрсете бастады: Sulpak енді электронды тауарларын Magnum арқылы сатты. Спортмастер өзі үшін онлайн-сауданы енгізу бойынша үдерісті жылдамдату мүмкіндігін қарастырды.

Жалпы алғанда, көп жетекшілер қарым-қатынас дағдылары бойынша қажеттіліктері барын атап өтті. Кенеттен онлайн-кеңестерге ауысу және күйзелістің өсу деңгейі жетекшілердің алғашқы желісінің және функционалды бөлімшелердің уәждемесіне қолдау көрсетуді талап етті. Егер бұрын операциялық үдерістерді дұрыстауға басымдық берілсе, бүгінгі таңда коучинг өткізу қажеттілігі пайда болды.