Жаңалықтар

21.12.21 Клиенттер
Heidrick & Struggles Қазақстандық WE Partners компаниясын сатып алу туралы келісімге қол қойды

Алматы, 21 желтоқсан, 2021—Heidrick & Struggles (Nasdaq: HSII), көшбасшылық және топ-дарындарды басқаруда бірегей шешім әзірлеу саласындағы жетекші ғаламдық кеңесші  – еліміздегі басқарушы командаларды бағалау, іздеу және дамыту саласы бойынша ең ірі шешім жеткізуші Қазақстандағы WE Partners консалтинг компаниясын сатып алу туралы келісімге қол қойды.

Бұл сатып алу Heidrick & Struggles компаниясының бүкіл әлемде негізгі нарықтардағы өзінің ғаламдық қатысын ұлғайту жөніндегі стратегиясының бөлігі. WE Partners – көшбасшылықты дамыту саласында топ-менеджерлерді іріктеу мен консалтинг бойынша Қазақстандағы жетекші компания. Осы мәміле нәтижесінде Heidrick & Struggles елімізде көшбасшылық мәселелері бойынша топ-менеджментке арналған консалтинг қызметін көрсету нарығында жетекші қатысушыға айналады және  жергілікті клиенттер үшін де, Қазақстанда қызмет жүргізетін халықаралық клиенттер үшін де бұрынғыдан көп шешімдер мен кеңейтілген спектрлі мүмкіндіктер ұсына алады.

Андрей Якунин, WE Partners Kazakhstan компаниясындағы серіктес және директор, бұл мәміле жайлы мынадай комментарий жасады: «Мен қазақстандық компанияның Heidrick & Struggles, басшыларды іріктеу және көшбасшылық саласындағы консалтинг бойынша ғаламдық консалтингілік желісіне қосылу туралы келісімге қол қойғанын мақтан тұтамын. Heidrick & Struggles өте кең қамтуының арқасында біздің клиенттер ең үздік халықаралық басқару таланттарына, бағалау мен дамыту ресурстарына қол жеткізе алады, ал біз Орталық Азия елдеріндегі бизнестің өсіп және күрделіленіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын боламыз».

Тим Людке, Heidrick & Struggles компаниясындағы серіктес және стратегиялық нарықтарда бизнесті дамыту жөніндегі өңірлік басшы, былай деп жалғастырды: «Қазақстан нарығы түрленіп даму кезеңінде – дәстүрлі өнеркәсіптік секторларда өсу жалғасуда, біз инновациялық цифрлы стартаптардың қарқынды дамуын көріп келеміз. Бұл бизнестің тәжірибесі бар көшбасшылар мен ондай ұйымдарды басқаруға қабілетті жаңашыл тұлғаларды қажетсінуінің белгілері.  Қазақстан өзінің ерекше географиялық орналасуының арқасында Орталық және Орта Азия аймағында көшбасшылықтың да орталығы болып тұр.  Қазақстанның нарығына шығу – Heidrick & Struggles үшін тез өсіп келе жатқан нарықтарда бизнесті дамыту мен өзінің ғаламдық қатысуын кеңейту стратегиясындағы маңызды қадам. Біз бұл нарыққа қуатты қатысушымен және шын мәнінде кәсіби командамен ынтымақтасуымыз үшін қуаныштымыз».

Сатып алудың қаржылық шарттары жария етілмейді, мәміле 2022 жылдың бірінші тоқсанында жабық түрде аяқталады деп күтіледі.

 

Heidrick & Struggles компаниясы туралы анықтама

Heidrick & Struggles (Nasdaq: HSII) – көшбасшылық және адами капитал бойынша шешім қабылдау саласындағы ғаламдық кеңесші, ол  әлемдегі аса ірі ұйымдар мен компаниялардың ең жоғарғы басшыларының алдына қойылатын міндеттермен жұмыс істейді. Клиенттерімен серіктестік құрып, компания келешектің қиындықтарына төтеп беруге дайын көшбасшылар мен ұйымдарды дамыту міндеттерін атқарады, бұл жолда көшбасшы іріктеу, түрлендіру мен инклюзия, бағалау мен дамыту; басқарушы топ қалыптастыру мен оның тиімділігін арттыру, корпоративтік мәдениет құру және адами капиталды дамыту бойынша бірегей шешімдер әзірлеу саласындағы қызметі мен білімін біріктіріп, сенімді кеңесші рөлін атқарады.  Heidrick & Struggles осыдан 65 жыл бұрын басшыларды іріктеу саласында көш бастаған. Қазір компания клиенттеріне әлемді өзгертуде қолдау көрсетіп, таланттар мен адами капитал саласында біріктірілген шешімдер мен көшбасшылар топтарын ұсынады. ® www.heidrick.com

 

WE Partners, Қазақстан компаниясы туралы анықтама

WE Partners – консалтингілік компания, ол басшыларды іздеу мен іріктеу, көшбасшылық қасиеттерді бағалаумен және дамытумен кәсіби айналысады.  WE Partners өнеркәсіптің негізгі салаларындағы ұлттық және халықаралық компаниялармен жұмыс жүргізеді.  Компания салалар бойынша аса ірі әлемдік қатысушыларды біріктіретін Executive Search  халықаралық компаниялар қауымдастығы болып табылатын AESC мүшесі.

https://wepartners.kz/

 

 

Media Contacts

WE Partners
Жанар Бекбассова
zhanar.bekbassova@gmail.com

 

Heidrick & Struggles
Нина Чанг (Nina Chang)
nchang@heidrick.com